НҰРДӘУЛЕТ ЖҰМАҒАЛИ - АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

НҰРДӘУЛЕТ ЖҰМАҒАЛИ - АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Ерлер арасында 100 м қашықтықты брасс стилімен жүзіп өту жарысында қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали алтын медаль жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші 1: 05.92.

«Нұрдәулетті Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Спортшыларды даярлаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қалған жарыс күндерінде біздің құрамаға сәттілік тілеймін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.