РОМАН ПОТАПОВ - АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

РОМАН ПОТАПОВ - АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Қазақстандық спортшы Роман Потапов S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзуде қола медаль жеңіп алды. Романның көрсеткіші 1:10.25.

Алтын медальді индонезиялық Иавианда Маулана Рифки (1: 03.55) иеленді. Ираннан келген Карими Йохан Абади Мохаммад Хоссейн (1:09.05) күміс медаль иегері атанды.