ДАВИД ДЕГТЯРЕВ - IV АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

ДАВИД ДЕГТЯРЕВ -  IV АЗИЯ  ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол 187 кг көтеріп, Азия рекордын орнатты.

Екінші орынды иеленген қытайлық Янь Цзиньлан 185 кг, ал үшінші орында вьетнамдық спортшы Нгуен Бинь Ан 184 кг көтерді.

«Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.