
Осы жылдың 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында (ҚХР) IV Азия Пара ойындары өтуде. Байрақты бәсекеде 22 спорт түрі бойынша 564 медаль жиынтығы (490 Паралимпиадалық және 74 паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) ойнатылады.
Аталған ойындарға Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының атынан 131 спортшы қатысады, оның ішінде 93 ер адам және 38 әйел 14 спорт түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара оқ ату, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, пара академиялық есу, пара садақ ату, пара велоспорт, отырып ойнау волейбол, бочча және шахмат) қатысады.
ҚР Ұлттық құрамасы 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.