ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ КОНКУРС ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ  КОНКУРС ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ  ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 9 баптарына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22264 нөмірімен тіркелген)  Қоғамдық кеңестің мүшелерді сайлау туралы конкурс жариялайды.

Министрлік а.ж. 19 қазан мен 2 қараша (қоса есептегенде) аралығындағы мерзімде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Қоғамдық кеңеске кандидатуралар бойынша ұсыныстарды жазбаша түрде қабылданады.

*Әрбір үкіметтік емес ұйым бір кандидаттан артық емес ұсыныс бере алады.

Қалыптастырылатын Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 17 адамды құрайды 1 мүше - Министрлік өкілі, 16 мүшесі - коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар қатарынан.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізбесін ұсыну қажет:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2)өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15 кіреберіс
(тел. 74-01-17) мекенжайы бойынша немесе m.narbotaev@tsm.gov.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

 ҮЛГІ Өз кандидатурасын ұсынушыға

ҮЛГІ ҮЕҰ

ҮЛГІ Өмірбаян деректері