Академия зерттеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы грант бөлінетін ғылыми жобасын іске асыру аясында «Қазақ күресінен спортшылардың оқу-жаттығу процесінде дербестендірілген тәсілді қолдана отырып ғылыми-әдістемемен қамтамасыз ету» тақырыбында ұйымдастырды.
Қазақ күресіне арналған осындай сипаттағы зерттеу алғаш рет жүргізіліп отыр. Демек, жұмыстың нəтижесі тұпнұсқа қалпын сақтап, кейінгі ізденістерге бағдар əрі арқау болмақ.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен қазақ күресінен Ұлттық құрама деңгейінде де зерттеулер өткізілген.
Зерттеу жүргізілген топта спорт шеберіне кандидаттардан бастап халықаралық дәрежедегі спорт шеберлеріне дейінгі қазақ күресінің палуандары болды.
Сондай-ақ, отандық бапкерлерге арнап академия елордадағы жаңа ЖОО базасында біліктілікті арттыруға арналған үш күндік курс пен шеберлік сабағын ұйымдастырды.
«Мұндай ғылыми жобалар жасанды гипоксия жаттығуын қолдана отырып, қазақ күресі спортшыларын даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру және бірнеше медициналық-биологиялық, функционалдық және педагогикалық өлшемдер негізінде қазақ күресі спортшыларының жаттығу процесіне дербестендірілген тәсілдің тиімділігін тәжірибелік жолмен тексеру саналады»,- деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, зерттеу тобының құрамында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының және Qazaq Kuresi қауымдастығы Спорт медицинасының ғалымдары мен мамандары болды.