Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Дания командасына қарсы ойнайды

Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Дания командасына қарсы ойнайды

Матч бүгін түнде Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтеді және отандық Qazsport және Qazaqstan телеарналарында көрсетіледі.

«Н» тобындағы алты турдан кейін Қазақстан құрамасы - 12 ұпай, Дания құрамасы — 13 ұпай жинады.

26 наурыздағы алғашқы кездесулерінде біздің команда Данияны сенсациялық түрде 3-2 есебімен жеңді.

Бүгінгі матчқа байланысты ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев футболдан құрама командаға сәттілік тіледі.

«Бұл – біз үшін футболымыздың әлеуетін бүкіл Еуропаға тағы бір мәрте паш етіп, жастарымызды спортқа ынталандыруға мүмкіндік беретін маңызды матч.

Футболшыларымызға барын салып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетулерін тілейміз», - деді министр.