Астанада пара хоккейден B-Pool әлем чемпионаты өтті

Астанада пара хоккейден B-Pool әлем чемпионаты өтті

«Астана қаласында өткен пара хоккейден B-Pool әлем чемпионатын тамашалап қайттым. Басты мақсат - отандық спортшыларға жанкүйер болып, қолдау көрсетіп, қошеметтеу. Себебі алғашқы екі орынды иеленген командалар 2024 жылы пара хоккейден өтетін  А-Pool әлем чемпионатына жолдама алады.

Қазақстанда пара хоккейдің негізі 2021 жылы қаланса да, осы уақытқа дейін бір қатар жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, бүгінгі күні B-Pool сапында Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдермен бақ сынауда. Демек, бұл біздің тарихтағы негізі қалыптасқан «тұңғыш командамыз» деп айтсақ та болады.

Үзіліс барысында команда құрамымен және бапкерлермен кездесіп, олармен келешектегі жұмыс жоспарын талқыладық. Спортшыларымыз да жақында ғана С-Pool-дан B-Pool-на өткендерін және осындай жарыстың өз елімізде ұйымдастырылып жатқандығына ризашылықтарын білдірді.
Пара хоккейшілеріміз жігерлі ойын көрсетіп, Ұлыбритания командасын 4:3 есебімен жеңді»,- деп жазды министр Telegram каналында.