Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсы аяқталды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің  Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсы аяқталды

2023 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысы м.а. Жанат Ахметовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу рәсімі өтті.

Конкурстық іріктеуге қатысуға азаматтық қоғам өкілдерінен 7 өтінім беріліп, ашық дауыс беру қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізілді.

Осылайша, жұмыс тобының құрамына Болат Хавлахат, Қайрат Сұлтанов, Ильдар Катенов, Мерей Ақшалов, Қарлығаш Аралбекова, Серік Ақтаев, Лəззат Нарымбаева және мемлекеттік органан Жаныл Мұхтарова, Айнұр Чигирова кірді.

Талқылау нәтижесінде жұмыс тобының төрағалығына Хавлахат Болат сайланды.

Енді жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жұмыстарын бастайды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы  ( жүктеу)