Ермек Маржықпаев Азия джиу-джитсу одағының қаржылық директорымен кездесті

Ермек Маржықпаев Азия джиу-джитсу одағының қаржылық директорымен кездесті

«Азия джиу-джитсу одағының қаржылық директоры Тарек Аль Бахри мырзамен кездестім. Екіжақты ынтымақтастық бойынша мүмкіндіктерді талқылап, Азия құрлығында джиу-джитсу спортын дамыту жөнінде пікір алмастық. Аль Бахри мырза AJP Tour (Abu Dhabi Jiu Jitsu Pro Tour) лигасының директоры. Кездесуде аталған жарысты бірге тамашалауға өз еліне қонаққа шақырды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Өз кезегінде мен де елімізде халықаралық жарыс ұйымдастыру мәселесін пысықтап, тәжірибе алмасу үшін Тарек Аль Бахри мырзаны Қазақстанға шақырдым»,- деп жазды министр Telegram каналында.