
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында артистік жүзуден командалық жарыста үздіктер анықталды.
Қытай командасы — 868.9676 ұпаймен алтын медальді жеңіп алды. Күміс медальді Жапония құрамасы (831.2535 ұпай) иеленді. Қазақстан құрамасы— 663.7417 ұпай жинап, қола медальді місе тұтты.
Бұл сайыста ел намысын Жаклин Якимова, Этери Какутиа, Арина Пушкина, Анна Павлецова, Ясмин Тұяқова, Айгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Жания Жиенғазы, Арина Мясникова, Ксения Макарова қорғады.