Қазақстандық Анастасия Ананьева слаломда ескек есуде Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші -119.29.
Джиу-джитсудан әйелдер арасындағы 63 кг салмақта екі қазақ спортшысы Мариан Урдабаева пен Ажар Салықова күресіп, қола жүлде Мариянға бұйырды. Есеп: 7-0.
Артистік жүзуде еркін бағдарламада Ұлттық құрама спортшылары Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина қойылымы үшін 418.6987 ұпай алып қола жүлдеге қол жеткізді.
WKF каратэден Ұлттық құрама мүшесі Дидар Әмірәлі қол жүлде үшін жекпе-жекте ирандық Амир Заде Махдиді 7-2 есебімен жеңді.
WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Данияр Юлдашев Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күміс медальге ие болды.
WKF каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан қоржынына оныншы алтын медальды салды.
Шахматтан еліміздің әйелдер құрамасы Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Ираннан басым түсіп, қола жүлдегер атанды.
13-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 10 алтын, 21 күміс және 47 қола жүлде бар.