
WKF каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды.
Әйелдер арасында +68 кг салмақтағы ақтық айқаста Софья мен Арика Гурунг (Непал) күш сынасты. Жекпе-жек басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 3-0.
Софья ХІХ жазғы ойындарды ширек финалдан бастап, Жуд Олдрусты (Иордания) сенімді жеңген. Арада көп уақыт өтпей, ол жартылай финалда Филиппин спортшысы Изабель Арианна Бритодан басым түсті.