ДАНИЯР ЮЛДАШЕВ-АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ДАНИЯР ЮЛДАШЕВ-АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Данияр Юлдашев Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күміс медальге ие болды

Кумите бағдарламасында 84 кг дейінгі салмағықтағы үздікті Данияр Юлдашев пен Мұхаммад Ариф Афифуд бин әл-Малик анықтады. Тартысқа толық жекпе-жекте Малайзия спортшысы басым түсті.

Данияр бүгін татамиге 3 мәрте шықты. Әуелі іріктеуде Теерапаттан (Таиланд), сосын ширек финалда Тайбэй атлеті Вэй Чен Удан, жартылай финалда Иордания өкілі Мұхаммед әл-Жафариден басым түсті.

Айта кетейік, Данияр 2018 жылы Джакартада өткен жазғы Азиадада қола медаль жеңіп алған.