ЯСМИН ТУЯҚОВА, АРИНА ПУШКИНА -АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

ЯСМИН ТУЯҚОВА,  АРИНА ПУШКИНА -АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында көркем жүзуден Қазақстан делегациясының қоржынына қола медаль түсті.

Еркін бағдарламада Ұлттық құрама спортшылары Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина қойылымы үшін 418.6987 ұпай алды. Қытай жұбы 526.8620 ұпаймен тұғыр төріне шықса, Жапония (489.4288 ұпай) атлеттері күміс жүлдеге қол жеткізді.

Кеше Ясмин мен Арина техникалық бағдарламада 218.1633 балмен 2-орын алған.