Қазақстандық спортшы Александр Куликов каноэде слаломмен есуден үшінші орынды иеленді.
Қазақстан құрамасының мүшесі Екатерина Таранцева слаломда есуден қола жүлдеге ие болды.
Слаломда ескек есуден Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Екатерина Қазақстан қоржынына екінші қола медаль салды.
Джиу-джитсудан 57 кг салмақта бақ сынаған Галина Дуванова Азияның 3 дүркін чемпионы Анние Рамирезден (Филиппин) жеңіліп қалды. Галина Дуванова -Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Каратэден 61 келі салмақта бақ сынаған Әсел Қанай 3-орын үшін өткен кездесуде Иран спортшысы Атуша Голшаднежадтан 1:0 есебімен басым түсті.
60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды.
Азия ойындарының командалық сайысында Эльжана Таниева, Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова ел намысын қорғап, жалпы 317.100 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
13-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 9 алтын, 18 күміс және 41 қола жүлде бар.