КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан барлық жүлдегерлер анықталды.

Жекелей сында Ұлттық құрама спортшысы Елжана Таниева 130.700 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болса, Милана Парфилова (130.050 ұпай) үздік үштікті түйіндеді. Алтын медальді 19 жастағы Өбекстан гимнасты Тахмина Икромова (131.300 ұпай) ие болды.

Бүгін финалға шыққан 23 гимнаст шығыршық, ұршық, доп және лентамен өнер көрсетті.