ГАЛИНА ДУВАНОВА-СЕРЕБРЯНЫЙ ПРИЗЕР АЗИАТСКИХ ИГР

ГАЛИНА ДУВАНОВА-СЕРЕБРЯНЫЙ ПРИЗЕР АЗИАТСКИХ ИГР

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалында джиу-джитсудан 57 кг салмақта бақ сынаған Галина Дуванова Азияның 3 дүркін чемпионы Анние Рамирезден (Филиппин) жеңіліп қалды. Есеп: 0-2.

Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері Орапа Сенатамны (Таиланд) жеңген. Галина іріктеуде Вуонг Мин Нгуен (Вьетнам) мен Удвал Цогхууды (Моңғолия) жеңген.

Айта кетейік, Галина үшін бұл екінші Азиада. Ол Джакртадағы бәсекеде 9-сатыдан көрінген. 24 жастағы Дуванова былтыр АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен Дүниежүзілік ойындарда күміс жүлдегер атанған, сондай-ақ 3 дүркін Азия чемпионы.