
Грек-рим күресінен аса ауыр салмақтағы палуанымыз Әлімхан Сыздықов Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Жүлде үшін белдесуде былтырғы Азия чемпионы Әлімхан Түркменстан спортшысы Айбекшазада Курраевты 5-1 есебімен жеңді.
Сыздықов бүгін ширек финалда Өзбекстан палуаны Темурбек Насимовты айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалда жуырда ғана Белградта әлем чемпионы атанған Иран алыбы Амин Мохаммадзаман Мирзазадеге 1-3 есебімен есе жіберді.