ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ-АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ-АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Тас жолдағы велоспорттан 207.7 шақырымға созылған топтық сайыста Азия ойындарына бірінші рет қатысқан 23 жастағы Евгений Федоров топ жарды.

Алтын медаль алған Евгений Федоровтың көрсеткіші— 4:25:29.
Тағы бір спортшымыз Алексей Луценко — 4:25:29 күміс медальға қол жеткізді. Моңғолия өкілі Жамбалцамц Саибайяр — 4:31:11 көрсеткішімен үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Евгений Федоров 2018 жылы жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанған.

"Бүгін еліміздің велоспорты үшін айтулы күн. Велошабандоздарымыз жоғары деңгей көрсетті. Евгенийді Азиаданың алтын медалімен құттықтаймын",- деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.