
Бокстан 66 келі салмақтағы Наталья Богданова жартылай финалдық жекпе-жекте әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері тайландтық Жанжаем Суваннафенгке жол беріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Естеріңізге сала кетсек, бокстан әйелдер арасындағы 66 келі салмақта алғаш рет Азия ойындарында жүлде жиынтығы сарапқа салынды.