
Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Азат Садықов (77 кг) Ханчжоуда Азиаданың қола медалін жеңіп алды.
Оның үшінші орын үшін қарсыласы Камбоджадан келген Сопхак Кео болуы керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты кілемге шықпағандықтан жеңіс Азатқа бұйырды.