КАРОЛИН ЧЕПКОЕЧ КИПКИРУ-ХАНЧЖОУДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІН ҚОС ДҮРКІН ЖЕҢІП АЛДЫ

КАРОЛИН ЧЕПКОЕЧ КИПКИРУ-ХАНЧЖОУДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІН ҚОС ДҮРКІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық спортшы Каролин Кипкиру Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қола медальге қол жеткізді.

Ол 5000 метрге жүгіруде мәреге Парул Чаудхари -15:14.75 (Үндістан) мен Ририка Хиронакадан-15:15.34 (Жапония) кейін жетті. Кипкирудың уақыт көрсеткіші – 15:23.12.

Айта кетейік, Каролин бірнеше күн бұрын 10 шақырымға жүгіруде қола жүлдегер атанған болатын.