
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада жекелей сында күміс медаль жеңіп алды. Ол 57.270 ұпай жинады.
Бірінші орынды қытайлық Ян Лангю (59.850), үшінші орынды Жапониядан келген Хирото Ямада (57.100)иеленді.