РИНАТА СУЛТАНОВА - АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

РИНАТА СУЛТАНОВА - АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында тас жолдағы велоспорттан алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Уақытқа жарыстың жекелей сынында Рината Сұлтанова үздік үштікті түйіндеді. Оның нәтижесі 25:36.10 секунд.

Ольга Забелинская (Өзбекстан) бүгін жылдамдық танытып, Джакартадағы чемпион атағын қорғап қалды. Күміс Эри Ёнаминэнің (Жапония) қоржынына түсті.

Жалпы жарыс жолына шыққан 14 спортшы 20 шақырымды жүріп өтті.

Айта кетейік, Рината былтыр Тәжікстанда Азия чемпионатында топ жарған әйелдер арасындағы тұңғыш қазақстандық велоспортшы атанған. Сондай-ақ ол Түркияның Конья қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы ойындарында 3 алтын, 1 қола жүлдеге ие болған.