
200 метрге каноэде есуден финалдық сайыста 18 жастағы Мария Бровкова қола жүлде иеленді.
Алтын медаль қытайлық Венжун Лин — 47.623, күміс жүлде Ораса Зианггазок — 49.221, ал үштікті отандасымыз Мария Бровкова — 49.368 түйіндеді.
Мария былтыр жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын
Ал 500 метрге байдаркада есуден Анастасия Березовская 2:05.968 уақыт көрсеткішімен 6-орынға тұрақтады.