
Бүгін Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында су добынан Қазақстан командасы көрші Өзбекстанды 16:8 есебімен жеңіп, 3-орынға ие болды.
Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы ( Айжан Досмағамбетова, Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина) ел қоржынына қола медаль салды.
Сол сияқты отандасымыз Мария Дмитриенко стенд атудан трап бағдарламасы бойынша жекелей сында қола медаль жеңіп алды.
Кураштан 81 келідегі Бекәділ Шәймерденов финалдық бәсекеде Өзбекстан спортшысы Умид Есановқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Азия ойындары аясында бокстан 1/2 финалда жерлесіміз Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньмен өткен айқаста жеңісті қарсыласқа беріп, қола медальді місе тұтты. Әйелдер боксынан Наталья Богданова (66 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) жартылай финалға өтті.
8-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 5 күміс және 23 қола жүлде бар.