
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында отандасымыз стенд атудан трап бағдарламасы бойынша жекелей сында 3-ші орын иеленді.
Алтын медаль иегері қытайлық Хингю Жанг (47 ұпай), күміс медальді қытайлық Цюцю Ву (43 ұпай) иеленді. Мария Дмитриенко — 34 ұпаймен үштікті түйіндеді. Ал Айжан Досмағамбетова — 27 ұпаймен 4 орын алды.
Айта кетейік, Мария Дмитриенко бұған дейін 2014 жылы алтын, 2018 жылы жеке сайыста қола жүлдегер атанған еді.