ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСТА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы ( Айжан Досмағамбетова, Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина) 3-орын алды.

Алтын медальді Үндістан (337 ұпай) құрамасы алды, күміс Қытай (336 ұпай) командасында, ал қола жүлде Қазақстан (316 ұпай) құрамасының қоржынына түсті.

Дәл осы сайыстан Қазақстан командасы 2014 жылы чемпион атанған.

Ал Мария Дмитриенко 2014 жылы алтын, 2018 жылы жеке сайыста қола, биыл қайта жүлдегерлер қатарынан көрінді.