ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ (30 ҚЫРКҮЙЕК)

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ (30 ҚЫРКҮЙЕК)

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) Азия ойындарының жартылай финалына өтті. Ол Өзбекстаннан келген әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевты мерзімінен бұрын жеңді.

Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Бахрейн боксшысы Данис Латыповты 5:0 есебімен жеңіп, Азиаданың жартылай финалына сенімді түрде өтті.

Қазақстандық байдарка мен каноэде есушілер Азия ойындарының финалында бірден 5 түрлі сайыс бойынша бақ сынайды.

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ауғанстаннан озық шықты. Есеп-3: 0.

7-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 19 қола жүлде бар.