
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) 2-орынға ие болды.
Алтын медальді Солтүстік Корея — 1655 ұпай құрамасы иеленді. Қазақстан құрамасы — 1642 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал үштікті Индонезия құрамасы — 1604 ұпаймен түйіндеді.
Айта кетейік, жеке сайыста Зухра Ирназарова чемпион атанған болатын.