
Жүзуден 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында отандасымыз Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды.
Алтын медальді жапондық спортшы Кацухиро Мацумото (51.13 сек.) иеленсе, Қытай құрамасының өкілі Чангхао Ванг (51.24 сек.) күмістен алқа тақты, ал отандасымыз Әділбек Мусин (51.86 сек.) қола медаль иегері атанды.
Айта кетейік,Әділбек 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында да 2 мәрте қола жүлдеге ие болған еді.