Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Сәкен Бибосыновқа Азиадада табысты өнер көрсетуді тіледі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Сәкен Бибосыновқа Азиадада табысты өнер көрсетуді тіледі

Бүгін Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының сапында алтын медальға үміткерлердің бірі Сәкен Бибосынов өз жолын бастады. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Моңғолиядан қарсыласын 5:0 есебімен жеңген болатын. Мен Сәкенмен жеке кездесіп, оған алдағы жекпе-жекте сәттілік тіледім. Бұрын әлем чемпионы атағын жеңіп алған боксшыдан жанкүйерлер ең жоғары нәтижені күтуде. Ол елдің үмітін ақтай алатынына сенімдімін. Барша қазақстандықтарды батырымызды қолдауға шақырамын!