
ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматыға жұмыс сапары аясында Sadu Arena күрес орталығына барды. Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқаннның әкесі Қанат Жолдасбаймен кездесті. Министр Ризабектің Белградта өткен әлем чемпионатындағы алтын жүлдесімен құттықтап, чемпионды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді. Айта кету керек, Ризабектің арғы атасы да жұртқа танымал палуан болған. Сондай-ақ туған бауыры Әлішер де еркін күреспен айналысады.
«Ризабектің жеңісі - қазақ спортының тарихына алтын әріптермен жазылатын жетістік. Әрине, бұл үлкен еңбектің нәтижесі. Оның ішінде бала кезден спортқа баулып, еңбекқор ұл тәрбиелеген сіздің де үлесіңіз зор. Ризабек елдің, ата-анасының, жаттықтырушыларының, барлық спорт жанкүйерлерінің үмітін ақтады. 19 жасында әлем чемпионы атанған палуанымызға Олимпиада шыңыны бағындыру үшін сәттілік пен зор денсаулық тілеймін!»,- деді Ермек Маржықпаев.