
«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Джанеш Кейн мырзамен кездестім.
Біз форумда көтерілген мәселелерді және ШЫҰ шеңберінде жүзеге асырылатын туризм саласындағы бастамаларды талқыладық.
Кейн Мырза Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Хатшылығының атынан Қазақстан аумағындағы туристік жобаларды қолдауға дайын екенін білдіріп, халықаралық форум жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және қазақстандықтар тарапынан жылы қабылдау болғанын атап өтті.
Сондай-ақ, құрметті қонақ ШЫҰ кеңістігінде қалалар мен өңірлердің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында 2023 жыл Туризм жылы болып жарияланғанын еске салды. Сонымен қатар, Кейн мырза қараша айында Үрімші қаласында (ҚХР) қазақстандық делегация қатысатын «ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» халықаралық форумын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Қазақстан 2023-2024 жылдары ШЫҰ-ға төрағалық ететінін және төрағалық ету аясында Алматы қаласы ұйымның туристік және мәдени астанасы болып жарияланғанын атап өткім келеді.
Айтпақшы, Джанеш Кейн мырза тек Ақтауға ғана барған жоқ. ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Алматыға да барып, мегаполистің туристік әлеуетімен танысты»,- деп жазды министр Telegram каналында.