«Ойын керемет болды, ал матч бойы хоккейшілерге белсенді қолдау көрсеткен жанкүйерлер шынымен жарқын атмосфера сыйлады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің отандық спортқа қызығушылық танытқаны қуантады. Трибуналарда балалар мен жастар көп болды»,- Туризм және спорт министрі ресейлік «Нефтехимик» клубын 8:0 есебімен ұтқан елордалық «Барыс» клубын жеңіспен құттықтады

«Елордалық «Барыс» пен Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» командалары арасындағы Құрлықтық хоккей лигасының матчын тамашаладым. Маусымды сәтсіз бастағаннан кейін біздің командаға қатарынан екінші жеңіске жету өте маңызды болды және қазақстандық ұжым бұл міндетті өте жақсы орындады. Есеп - 8:0 айдын иелерінің пайдасына. Лайықты нәтижеден артық!

Ойын керемет болды, ал матч бойы хоккейшілерге белсенді қолдау көрсеткен жанкүйерлер шынымен жарқын атмосфера сыйлады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің отандық спортқа қызығушылық танытқаны қуантады. Трибуналарда балалар мен жастар көп болды.

Бүгінгі ойын «Барыс» жанкүйерлерінің көңілінен шыққанына сенімдімін, бірақ алда ұзақ тұрақты маусым, мықты қарсыластар және плей-оффқа өту үшін тартысқа толы күрес бар. Елордалық клубтың хоккейшілері мен жаттықтырушылар штабына жанкүйерлерді бүгінгі матчтағыдай сенімді жеңістермен жиі қуантуды тілеймін!»,- 
деп жазды министр Telegram каналында.