ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Ақтауда Қазақстанда туризмді дамытуға арналған халықаралық форум өтті. Ауқымды іс-шараға мемлекеттік органдар, турбизнес, салалық бизнес-қауымдастықтар, қаржы және банк құрылымдары, авиакомпаниялар мен тасымалдаушылар, сондай-ақ 30 елдің делегаттары қатысты
  • Ермек Маржықпаев Астанадағы арнаулы орта білімнен бастап магистратура мен докторантураға дейінгі оқытудың толық циклын жүзеге асыратын Ұлттық спорт университеті құрылысымен танысты. Бұл ретте колледжде бір уақытта 500-ден астам адам, ал ЖОО-да 2000-нан астам бакалавриат студенттері, 60 магистрант және докторанттар оқи алады
  • Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал, алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ, қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген
  • Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстанның құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Париж Олимпиадасына 100-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отыр
  • ҚР Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырды. 2023 жылдың басынан 6 букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты.