ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
  • Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары аясында салынып жатқан республикалық олимпиадалық дайындық базасына барды.
  • Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев аппарат кеңесін өткізіп, Азиада-2023-ке дайындық барысымен танысты және әріптестерімен ойын бизнесін реттеуді күшейту жөніндегі заң жобасын талқылады.
  • 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45% - ға артық.
  • Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды. Спортшыларды Туризм және спорт министрі құттықтады.
  • Отандық туроператорлардың сауалнамасына сәйкес, шетелдік туристер арасында ең танымал ұлттық тағамдар - ет, бауырсақ, қазы, жент және қызыл іірімшілік.
  • «Дене шынықтыру және спорт» даярлау бағыты бойынша педагог кадрларды жұмысқа орналастыру көрсеткіші 75,6% пайызды құрайды.
  • ҚР Туризм және спорт министрлігі балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарына оқушылардың жас ерекшелігіне қатысты қойылатын талапты қайта қарайды.