Нәтижеге қарамастан, біздің команда лайықты ойын көрсетті, - Туризм және спорт министрі алдағы Солтүстік Ирландиямен матчта қазақстандық футболшыларды қолдауға шақырды

Нәтижеге қарамастан, біздің команда лайықты ойын көрсетті, - Туризм және спорт министрі алдағы Солтүстік Ирландиямен матчта қазақстандық футболшыларды қолдауға шақырды

«Өкінішке қарай, бүгін біздің команда жеңе алмады, бірақ бұл спорт – онда жеңіс пен жеңілістер қатар жүреді.

Спортшыларымыз соңғы сәтке дейін барын салғанын атап өтемін.Нәтижеге қарамастан, команда лайықты ойын көрсетті.

Стадионды толтырған жанкүйерлерді бөлек атап өткім келеді. Қолдау жоғары болды. Солтүстік Ирландиямен ойында да осындай ыстық қолдау болады деп үміттенемін.

Ал, біздің жігіттерімізге жексенбілік матчта жеңіс тілеймін. Біз сіздермен әрқашанда біргеміз!»,деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.