
1 қыркүйекте Мәдениет және өнер саласындағы мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға арналған үздік жұмыстар мен туындыларға конкурс жарияланып, өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлық Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тағайындалған.
Сыйлық Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің азаматтарына мәдениетаралық және этносаралық диалогты нығайтуға ерекше үлес қосқан тарихи-мәдени мұра, қолөнер, бейнелеу музей және кітапхана ісі, театр, цирк, музыка және кино өнері саласындағы үздік туындылары және (немесе) жұмыстары үшін беріледі.
Сыйлықты келесі номинациялар бойынша беріледі: «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі үздік ғылыми-реставрациялау жұмыс» (тарихи-мәдени мұра), «Үздік реставрациялық жәдігер» (музей ісі), «Үздік кітапханалық жоба» (кітапхана ісі), «Үздік бейнелеу өнері туындысы»; «Үздік қолөнер туындысы», «Үздік бағдарлама» (цирк және музыка өнері), «Үздік спектакль» (театр өнері), «Үздік фильм» (кино өнері).
Конкурстық жұмыстарды арнайы комиссия жұмыстың көркемдік құндылығы мен шығармашылық деңгейі, әлеуметтік маңызы, жаңашылдығы мен өзектілігі, ұсынылған туындылардың берілген тақырыпқа (болған жағдайда) сәйкес келуі сынды критерийлерге сәйкес қарайды.
Конкурсқа көпшілік алдында орындалған, экспонатталған жұмыстар бес жылдан ерте емес және жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бір жылдан кешіктірілмеген жұмыстар қатысады. Сыйлықты алуға бір автор немесе бүкіл ұжым да үміткер бола алады, бірақ 5 адамнан аспауы керек. Конкурстың жалпы жүлде қоры 6000 АЕК құрайды.
Жұмыстарды ұсыну және ресімдеуге арналған талаптар ҚР МСМ сайтында орналастырылған.
Сыйлықты алуға жұмыстарды ұсынуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген орталық, жергілікті мемлекеттік органдар және өзге де заңды тұлғалар жүргізеді. Өтінімдер осы жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында қабылданады. Лауреаттарды салтанатты марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді.