Бибарыс Спатай Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

Бибарыс Спатай  Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

Германияның Дуйсбург қаласында пара каноэдан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Бибарыс Спатай KL2 200 м қашықтығында сәтті өнер көрсетіп, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды.

Ол финалдық бәсекеде қашықтықты 42,12 секундта аяқтап, бесінші орыннан көрінді.

Айта кетсек, пара каноэдан әлем чемпионатында алғашқы алты орыннан көрінген спортшылар Паралимпиада ойындарының лицензияларына ие болды.

Әлем чемпионаты Германияда тамыздың 23-27 аралығында өтуде. Жарысқа әлемнің 40 мемлекетінен 110 спортшы қатысуда.