
Жапонияның Хиросима қаласында қол добынан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды.
Бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы шешуші турда Үндістаннан 34-26 есебімен басым түсіп, сары құрлық бәсекесін 4-орында аяқтады. Қалған 3 кездесуде қарсыласқа жол берді.
Мұнда барлық 4 ойында жеңіске жеткен Оңтүстік Корея құрамасы Парижде өтетін олимпия ойындарына тікелей жолдама алды. Ал финалда жеңілген жарыс қожайыны Жапония 2024 жылғы 11-14 сәуір аралығында болатын кезекті лицензиялық турнирде бақ сынайды. Ол кезде әр құрлықтың өкілдері кездеседі.