Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында осы елдің Мәдениет, спорт және туризм министрі - Нгуен Ван Хунг мырзамен бірге Қазақстан мен Вьетнам арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бес жылдық меморандумға қол қойдық- Асхат Оралов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында осы елдің Мәдениет, спорт және туризм министрі - Нгуен Ван Хунг мырзамен бірге Қазақстан мен Вьетнам арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бес жылдық меморандумға қол қойдық- Асхат Оралов

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында осы елдің Мәдениет, спорт және туризм министрі - Нгуен Ван Хунг мырзамен бірге Қазақстан мен Вьетнам арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бес жылдық меморандумға қол қойдық.

Құжат Қазақстан мен Вьетнамның туристік қауымдастықтары, ұйымдары, туроператорлары мен туристік агенттіктері арасында байланыс пен ынтымақтастық орнатуға жәрдемдесуді көздейді. Біздің елдеріміз бір-бірін инвестициялық жобалар мен туризм саласындағы мүмкіндіктер туралы үнемі хабардар етіп отырады.

Атап айтқанда, біз туристерге қызмет көрсететін мекемелерді басқару, сондай-ақ қонақ үй қызметінің сапасын бақылау саласында тәжірибе алмасатын боламыз.

Біз елдерімізде өтетін туристік іс-шаралар туралы ақпарат алмасамыз және бір-бірімізді халықаралық туристік жәрмеңкелерге, семинарларға және басқа да іс-шараларға шақырамыз.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Вьетнам арасында ашық көздерден алынған статистикалық деректерді қоса алғанда, екі елдің туристік әлеуеті туралы жарнамалық және ақпараттық материалдармен алмасу ұйымдастырылатын болады. Бұдан басқа, біз бір-бірімізбен туроператорлар мен турагенттіктер туралы ақпаратпен бөлісетін боламыз, делегациялармен алмасуға және бизнес-байланыстарды жолға қоюға жәрдемдесетін боламыз, туризм саласындағы жарнамалық іс-шараларды, сондай-ақ туристік өнімдерді, қызметтерді, орналастыру орындарын ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруда өзара қолдау көрсететін боламыз.

Арнайы іс-шаралар өткізу арқылы екі елдің ұлттық тағамдарын өзара ілгерілетуге ерекше назар аударылатын болады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Вьетнам жасыл туризмді дамыту, цифрлық трансформация және саланы дамыту үшін ақпараттық технологияларды қолдану саласында тәжірибе алмасуға ниетті.

Жалпы, екі ел арасында бизнес, турист тасымалдау және алмасу үшін қолайлы жағдай жасалатын болады. Мұндай ынтымақтастықтың отандық туризмге пайда әкелетіні және елімізге Вьетнамнан келетін туристер ағынын арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз»,- деп жазды министр Telegram каналында.