Ақтоты Райымқұлова Булат Акуновтың отбасы мен туған туысқандарына көңіл айтты

Ақтоты Райымқұлова Булат Акуновтың отбасы мен туған туысқандарына көңіл айтты

Ақтоты Райымқұлова Булат Акуновтың отбасы мен туған туысқандарына көңіл айтты.

"Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан еліміздің телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген дарынды медиаменеджер Булат Акуновтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Майталман режиссер Булат Акунов саналы ғұмырында көрерменнің жоғары бағасына ие болған көптеген телебағдарлама дайындауға атсалысып, ТМД елдерінде кеңінен танылды. Марқұмның өз ісіне деген құштарлығы мен жоғары кəсібилігі жас мамандар үшін үлгі.

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын!",-деп жазылған көңіл айту хатында.