ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
Қонаев қаласында 3 ойын мекемесінің иелері заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың лицензиясы тоқтатылып, әрқайсысына 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Kids go free бағдарламасы арқылы 600-ден астам бала тегін ұшақ билетімен қамтамасыз етілді
Ұлттық парктерде және басқа да табиғи орындарда жеке инвестиция тарту есебінен 7 визит-орталық салынды. Бұл Аюсай, Түргенсай, Сартас, Шарын, Горельник, Медеу және Altynemel визит-орталықтары
Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға берілетін арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау аяқталды. Әдеби сыйлық 18-35 жас аралығындағы қаламгерлерге арналған. Байқауға барлығы 53 үміткердің құжаты қабылданды
Соңғы 3 жылда қазақстанда экотуристер саны 2 есе артты. Егер 2020 жылы экотуристер саны 985 мың болса, 2022 жылдың соңында олардың саны 2 млн-ға жетті
2023 жылдың алғашқы үш айында қазақстандық қонақ үйлер 43 млрд теңгеден астам табыс тапты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтады.