Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымына арналған онлайн-семинар өтеді

Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымына арналған онлайн-семинар өтеді

Ертең,  30 сәуірде сағат 17.00-де termincom.kz сайтының youtube каналында «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру» тақырыбында онлайн-семинар өтеді.

2018 жылы termincom.kz сайтында «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» атты электрондық алаң ашылған болатын. Электрондық алаң сала мамандары мен көпшілік арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық шешімдердің бағдарламалық-ақпараттық кешенін орнату және оны жетілдіру мақсатында құрылған.

Онлайн-семинарда «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру жолдары бойынша ой қозғалады.

Онлайн-семинарға электрондық алаңның тұрақты қолданушылары ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшесі, м.ғ.к. Мұхамбедия Ахметов, «Қазақы терминдерді халық жасайды» республикалық онлайн-байқауының жеңімпазы Серік Ерғали, ІТ саласының мамандары Сымбат Әбдіқұл және Бейбітжан Худабай қатысады.