СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ

2022 жылдың қорытындысына сай:

- 43 071 спорт ғимараты (2021 жылмен салыстырғанда 540 нысанға көп), оның ішінде:
- 26 496 немесе 61,5% - ашық спорт алаңы
- 16 570 немесе 38,5% - спорт кешені

- 2022 жылдың қорытындысы бойынша халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 50% құрады

- Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарға 139 жоба енгізілді:
- 113 жаңа спорт нысанын салу;
- 20 спорт нысанын реконструкциялау және жаңғырту;
- 6 жұмыс істеп тұрған спорт нысанын қайта жарақтандыру;

ҰСЫНЫЛАДЫ:

- Жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын инвентаризациялау

- Ауылдық жерлерде (тірек, серіктес, стратегиялық және шекара маңындағы өңірлер) кемінде 100 шығыны аз және тез құрастырылатын модульдік спорт нысандарын салу

- Жақын жердегі қолжетімді спорт инфрақұрылымын салу (қауіпсіз жүгіру жолақтары және велосипед жолдары, спорт аймақтары, жаяу және атпен серуендейтін туристік маршруттар).