ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды
Солтүстік Қазақстанда туризмді дамыту, С.Сейфуллиннің 130 жылдығы және ерекше қажеттіліктері бар артистерді қолдау: Асхат Оралов азаматтарды қабылдады
Каратэден Қазақстан құрамасы Малайзияда өткен Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қазақстандық анимация саласының мамандары Түркия мен Польшада біліктілік арттыруда
Қазақстандық мергендер әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде: 4 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлде. Әлем чемпионаты 14-25 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтті
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Kids go free бағдарламасының арқасында қазақстандық отбасылар балалардың әуе билеттерінен 26 млн теңге үнемдеді
Жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе өсті
Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алды. Ресми құжатты Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетіне жолдады
Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының Президенті қызметіне тағайындалды.
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметіне Құрманбек Жұмағали тағайындалды. Жаңа басшыларды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды.