
«Қазақстандық каратэшілердің тарихи жеңісі! Біздің құрама Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық 1-ші орынға ие болды.
Тұғырдың жоғары сатысына Қайсар Алпысбай мен Нұрқанат Әжіқанов көтерілді. Қыздар арасында Софья Берульцева алтын медаль жеңіп алды. Күмісті Дидар Әмірәлі, Мөлдір Жаңбырбай, Гүлмира Үсенова және «кумитэ» бойынша ерлер командасы жеңіп алды. Жоламан Биғабыл, Лия Қошқарбаева, Данияр Юлдашев және Абылай Төлтай құрама қоржынына қола медаль салды. Спортшылардың әрқайсысын құрлықтық біріншілікте жеңіп алған марапаттарымен құттықтаймын!
Жарысқа барлығы 31 елден 400-ден астам каратэ шеберлері қатысты. Қазақстанның намысын 19 спортшы қорғады және біздің құрама жалпы медальдық есепте бірінші орынға көтерілді. Бұл шынымен де тарихи нәтиже. Команданың жаттықтырушылар құрамына алғыс айтқым келеді.
Қазақстан құрамасына жеңіс тұғырынан түспей, алдағы Азия ойындарында да осындай нәтиже көрсетуге тілектеспін. Мұндай жетістік көптеген жас каратэшілерді болашақта үлкен жеңістерге шабыттандырады, деп үміттенемін. Ал, біз спортшыларымызға барынша қолдау көрсетуді жалғастырамыз»,- деп жазды министр Telegram каналында.