ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті
Соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35% - ға артты
Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 83 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Барлығының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын
Ахмет Ясауидің балалық шағы, Қожанасырдың тапқырлығы және мифтік жаратылыстар: Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздар негізінде 10 пилоттық анимациялық жоба өндіріске жіберілді
Мәдениет және спорт министрі «Астана» футбол клубын Чемпиондар Лигасының келесі іріктеу кезеңіне өтуімен құттықтады
2023 жылдың басынан бері шетелдіктерден туристік жарна арқылы жергілікті әкімдіктердің бюджетіне шамамен 314 миллион теңге түсті
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Джоукармен кездесіп, мәдениет, спорт және туризм саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Жыл басынан ҚР Ұлттық музейіне 310 мың адам келді. Салыстырмалы түрде, былтыр бір жылда музейге 330 мың адам келген. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде Ұлттық музей директоры м.а. Айбек Сыдықов айтты.